Заңгер Айгүл Орынбек Екібастұздағы жағдайға қатысты пікірін білдіре отырып, 30 жылдан бері елде жылу қазандықтарының салынбағанын, әскери қойма мен су платинасының өзін толық бақылай алмай отырғанын ашып айтты, деп жазды KYN.KZ сайты.

«Халқын сапалы баспанамен, қыс ауасында жылумен қамтамасыз ете алмай отырған ел, атом станциясын игере алады деп ойлайсыздар ма? Мен ойламаймын! Сенбеймін де! Адам өмірі, қауіпсіздігі — жоғары бағаланбайтын елде, дәл қазір атом станциясын салу өте қауіпті», — дейді заңгер.

Екібастұзда болған апаттан кейін бұған дейін елімізде салынуы жоспарланған Атом электр станциясының салынуының тіпті қауіпті екенін сөз етті.

«Ертең салынғалы жатқан атом станциясын талапқа сай қадағалаумен жұмыс істейді және уысынан шығармайды дегенге еш сенбеймін! Қарапайым зауыттарда қауіпсіздік жасақ-техникалары дұрыс жасалмай, қаншама азаматтарымыздың құқығы тапталды: еңбеккерлердің денсаулықтарына едәуір зиян келіп, тіпті соңында мүгедек болып, ажал құшып жатыр. Осыдан кейін біздің елде техникалық қауіпсіздікті тексеруші орган бар деп қалай айтамыз?!

Мысалы, жеке меншік әр компанияда өздері салған үйді тексеретін жеке технодзоры бар, зауыттарда да дәл солай. Олар өз-өздерін «тексерген» болып, адамдардың құқығын таптап жатқанын күнделікті көріп жүрмін! Енді осындай сыбайласқан жүйе, жемқорлығы өршіп тұрған мемлекетте атом станциясын салу – қоғам және халық үшін үлкен қатер! Мен Елдегі сыбайласқан жемқорлықтарды көріп және «ескі» жүйемен күресіп жүрген белсенді ретінде бұл жобаға түбегейлі қарсымын! Бұл — ҚР Азаматшасы ретіндегі өз ойым», — дейді өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырған Айгүл Орынбек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!