Қызылорда қаласы әкімінің 2022 жылғы 21 қарашадағы өкімімен Файзуллаев Жеңісбек Исламұлы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Жеңісбек Исламұлы 1992 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде құрылыс мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын «Темірлан-проект» мекемесі директорының орынбасары қызметінен бастаған.

2012-2015 ж.ж Қызылорда қалалық құрылыс бөлімінің инженері;

2015-2022 ж.ж Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының штаттан тыс қызметкері, бас маманы;

2022 жылдың наурыз айынан бастап осы кезге дейін Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!