Мектептердегі 169 тамақтандыру пунктінің тең жартысы заңды бұзып, жұмыс істеген.

Солтүстік Қазақстандағы мектеп асханаларынан ішек таяқшасы табылды. Сондай-ақ санитар дәрігерлер балаларға рецепт пен технологияны сақтамай тамақ әзірлегенін мәлімдеді,  деп хабарлайды “Астана” арнасы.

Мектептердегі 169 тамақтандыру пунктінің тең жартысы заңды бұзып, жұмыс істеген.

“Азық-түлік бөлімшелерінде 2792 ішек таяқшасына арналған шайындылар, жуу және дезинфекциялау сапасы үшін – тамақ бөлімшелерінің жабдықтары мен ыдыстары таңдалды. Оң нәтижелер 122 жағдайда болды. Яғни, дезинфекциялау нормалары сақталмаған”, – деді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ОСК басшысының орынбасары Татьяна Горлова.
Сонымен қатар, мәзір жасау кезінде балалардың физиологиялық қажеттіліктері де ескерілмегені анықталды. Талдау көрсеткендей, мектептердің көпшілігінде оқушылар қатты көмірсулармен қоректенеді немесе тамақ аз мөлшерде беріледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!