Бүгін Қызылорда Қаласының Әкімдігі өңірімізде 10 жыл көлемінде өмірдің қиын жағдайында қалған тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіп отырған «Қамқорлық» дағдарыс орталығын «Жомарт жүрек-2021» байқауының «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясымен марапаттады. Бұл орталық ұжымына негізін қалаушы Жандос Түсмағанбетовке берілген лайықты марапат! Сыр халқының әлеуметтік-құқықтық мәселелерін шешуде Жандос Бектайұлы жемісті жобаларымен еңбек етіп келеді. Біз замандасымызды марапатымен құттықтап, толайым табыс тілейміз!

Гүлбану МАҚАЖАН

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!