Алматы облысының Іле ауданындағы Гүлдала ауылының 2000 оқушысы мамыр айынан бастап сабақты онлайн оқып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшіс

Гүлдала ауылындағы орта мектеп 900 орынға арналған. Бірақ 2000 бала білім алады, биылғы жаңа оқу жылында тағы 150 оқушы қабылдаған. Гүлдаланың проблемасы бір бұл емес. 2022 жылдың оқу жылын оқушылар онлайн бітіріп, жаңа оқу жылын онлайн бастады. Себебі мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Күрделі жөндеу жұмыстарына 1 млрд 141 млн теңге берілді. Негізгі жобалық сметалық құжатына сәйкес 11 айда бітіруіміз керек. Мектеп әкімшілігі ертерек бітіріп беруді сұрап отыр. Жаңа жылға дейін бітіреміз», – дейді мердігер фирма басшысы Қазыбек Қалыбаева.

Мектеп 1967 жылы салынған. Қазір білім ошағының шатырлары жабылып, едендері ауыстырылған. Мердігерлердің айтуынша, қаражат пен құрылысшы жеткілікті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!