Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны – 5794. Соңғы тәулікте 73 жағдай тіркелген. Оның 16-сы симптомды, 57-і симптомсыз. Вирус анықталған 7 науқас инфекциялық стационарда, 66-ы үй жағдайында бақылауға алынды. Ал індеттен айыққан науқастар саны 4797-ге жетті.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғаны – 22035, тікелей қарым-қатынас-19287, ықтимал қарым-қатынас-2 748.
Өткен тәулікте зертханаларға тапсырылған сынамалар саны – 1062, тексерілгені – 801, жұмыс жасалуда – 261. Қалдық тест саны – 16836. Эпид. маусым басталғалы бері 316608 сынама алынған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!