Өткен жылы тұтынушылық несиелер 40 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды Семей таңы ақпараттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Былтыр тұтынушылық кредит 40 пайызға өсті. Осы өсу проблемасымен қатар, кредитін өтей алмайтындардың да саны артып келеді. Сол себепті біз түрлі шараларды қабылдап жатырмыз», – деді М. Әбілқасымова.

Оның айтуынша, елімізде қарыз жүктемесі коэффициенті пайдаланылып жатыр.

«Банктер мен микроқаржы ұйымдары несие берген кезде, қарыз алушының табысын бағалауы тиіс. Несие бойынша ай сайынғы төлем сомасы қарыз алатын адамның ай сайынғы табысының 50 пайызынан аспауы керек. Егер бұл деңгейден асып түссе, онда банк немесе несие ұйымдары кредит бермеуі тиіс. Олар бұл талаптарды орындамаса, біз қадағалау іс-шараларын жүзеге асырамыз», – деді агентік басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлданды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!