АҚШ-та сегіз жасар бала бес жасар досына тапаншадан оқ атты деп хабарлады turkystan.kz.

Басына оқ тиген бала жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген, кейін тікұшақпен басқа емханаға ауыстырылған. Оның жағдайы өте ауыр.

«Әзірге 8 жастағы баланың қаруды қайдан алғаны, сондай-ақ сол кезде үйде қанша адам болғаны белгісіз. Оқиғадан кейін үш адам қамауға алынды, бірақ оларға әлі айып тағылған жоқ», – деп жазылған БАҚ-та таралған хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!