Ақтауда 11 жасар Нұрислам Мамбеков екі тәуліктен бері табылмай жатыр. Баланы іздеуге құқық қорғау органдары мен «Lider.kz» ұйымының еріктілері жұмылдырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Lada басылымының мәліметінше, Нұрислам Мамбеков 4 қарашада 16:35 шамасында «Ақтау» сауда орталығынан шығып, жоғалып кеткен. 

Айрықша белгілері: дене бітімі орташа, бойы 150-155 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр, бетінде қалы бар. 

Нұрислам үстіне қою көк түсті күртеше мен ақ жолағы бар қара түсті шалбар киген. Сонымен қатар сөмкесі мен киімдері салынған пакеті бар. 

Еріктілер жоғалған бала туралы ақпарат білетін азаматтардан келесі нөмірге хабарласуды сұрайды: +7 700 499 72 92, +7 700 729 20 12 немесе 102.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!