Соңғы бір аптаның көлемінде өңірге төрт миллион құс жұмыртқасы жеткізіліп, сауда орындарына таратылды. Жаңа жыл мерекесіне дейін қосымша тағы 2 миллион дана жұмыртқа жеткізіледі. Сондай-ақ, екі өнімнің бағасы төмендеді. Оның ішінде, қант, құс еті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев мәлімдеді.
-Тауық жұмыртқасының тапшылығын болдырмау және бөлшек сауда желілерін үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында Қостанай, Ақтөбе және Алматы облыстарының әкімдіктерімен және Ресей Федерациясымен келіссөздер жүргізілді. Бүгін 700 мың дана жұмыртқа келеді. Сондай-ақ, өңірде бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында тұрақтандыру қорынан тауарлық интервенциялар жүргізу, кәсіпкерлерге несие беру арқылы шаралар қабылдануда. Айта кететін жайт, жұмыртқа ірі сауда орындарының әлеуметтік бұрышында 29 теңгеден, ал қалған дүкендерде категориясына қарай 42-55 теңгеден сатылуда. Облыста жұмыртқаға тапшылық жоқ. Алдағы уақытта да өнімдерге тапшылық болмас үшін жұмыстар жасалуда, – деді Шахмардан Сұлтанбекұлы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!