Синоптиктер елімізде 3– 5 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болып, қар жауады. Тек елдің батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады», – деп болжам жасады «Қазгидромет» РМК өкілдері.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын болып, жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік – шығысында тұман болады. 

Түнде батыста ауа температурасы 10-22 аяз, оңтүстік-батыста 3-15 аяз, солтүстік-батыс және солтүстікте 20-30 аяз, орталықта 13-22-ден 20-30 аязға дейін төмендейді, еліміздің шығысында 25-34 аяз, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 5-15, таулы аудандарда 15-20 аяз болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!