– Әлеуметтік желіде көлікке ит байлап, көшеде жүріп бара жатқан машинаның видеосы пайда болды. Алматы полицейлері жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тексеріс жүргізіп, оның нәтижесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданғанын мәлім етті.

«Аталған дерек бойынша 1988 жылы туған Т. есімді азамат әкімшілік жазаға тартылды. Оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, қыркүйек айында Алматы облысында КамАЗ жүргізушісі итті көлігіне байлап алып сүйреген болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!