Қыс мезігілі келісімен Қызылордада ауа райының қолайсыздығы байқалды. Соның салдарынан 30 жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға салдарынан үш адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.
Жүргізуші­лерге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы «Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң адам денсаулығына зиян келтiруiне, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң зақымдануына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерiн бұзуы» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Қалада жол бойына 14 арнайы техника жұмылдырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.
«Өңір тұрғындарын жолда абай болуды және жылдамдықты сақтауды, қозғалыс кезінде көліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтауды және жолдардағы оқыс оқиғалардың алдын алу үшін көліктерді қысқы доңғалақтармен міндетті түрде жабдықтауды сұраймыз»,-дейді Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!