Тоқты
Жұлдыздар өткен күнді ұмытуға кеңес береді. Сонымен бірге алғашқы махаббатты да ұмытқан жөн. Жүрегіңізді жаралаған адамды ойлай бермей, өмірге өзге көзқараспен қарау керегін ескеріңіз. Сонда ғана махаббатта жолыңыз болады.

Торпақ
Жер дөңгелек екеніне тағы бір мәрте көз жеткізесіз. Бұрынғы жақыныңыз сізге таяу жерден жұмысқа орналасады. Оны күнде көру керегіне қынжылмаңыз. Бұл келеңсіздік сізге тағы бір мүмкіндік беріп тұр.

Егіз
Арқаны кеңге салып, тыныштықта демаламын деп ойласаңыз, қателесесіз. Тапсырма көп, олардың барлығын тез орындау қажет болады. Сондықтан уақыттың қадірін біліңіз.

Шаян
Белсенділік танытып, барлық шаруаға үлгеремін десеңіз, уақытты үнемдеңіз. Тек нақты тапсырмамен айналысыңыз. Аптада жақын жандарға көңіл бөлуді ұмытпаңыз.

Арыстан
Айналаңызда қызықты оқиғалар орын алады. Жұл­дыздар ешқайсысына араласпауға кеңес береді. Көпшілік ортада көзге түспеуге тырысыңыз. Шығарма­шылық жандарға апта тиімді болады.

Бикеш
Егер артық салмақпен күресуді көздеп жүрсеңіз, спортпен шұғылданыңыз. Сонда ғана ойлаған ойыңыз жүзеге асады. Салмақтан да арыласыз. Аптаны қызықты өткізу үшін жақсы жоспар құрыңыз.

Таразы
Апта ерекше тосынсыйға толы. Өзіңіз жақсы тани­тын адамның ерсі қылығы сізді таңқалдырады. Деген­мен ненің жақсы, ненін жаман екенін білетін уақыт келді. Достың да қастық жасайтынына көз жеткізесіз. Сақ болыңыз.

Сарышаян
Аптада сәттілік серігіңіз болады. Кәсіби біліктілігіңізді арттырып қана қоймай, өзіңіз де өзгелерге білгеніңізді үйретесіз. Жұлдыздар жұмыс ауыстыруға кеңес береді. Бұл жетістікке жетудің бір жолы болады.

Мерген
Жеке өміріңізде жағымды жаңалықтар орын алуы мүмкін. Бұл жағдай сізді ерекше қуанышқа бөлейді. Апта кәсібіңізді дөңгелетуге, жетістікке жетуге қолайлы болады.

Тауешкі
«Біреуге ор қазба, өзің түсесің» деген тәмсілді естен шығармаңыз. Аяқтан шалу кісілікке жатпайды. Жұлдыздар ешкімнің ісіне араласпауға кеңес береді, сонда ғана жұмысыңыз жеңілдейді.

Суқұйғыш
Жаман ойлардан аулақ болыңыз. Сонда ғана денсаулығыңызға еш қауіп жоқ. Көп нәрседен күдіктеніп, өз-өзіңізге ауру шақырмаңыз. Жұлдыздар денсаулыққа жіті мән беруге кеңес береді.

Балық
Әріптестік қарым-қатынаста сақ болыңыз. Кикілжіңнен бойыңызды барынша аулақ ұстаңыз. Жақын арада іс-сапармен өзге өңірге сапарға шығасыз. Көп адамдармен танысып, дос қатарын көбейтесіз.