Әлеуметтік желілерде Семей мейрамханасының бірінде қазақстандық эстрада жұлдызының қатысуымен өткен іс-шараның видеосы тарап жатыр

Семей қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері қаладағы мейрамханалардың бірінде өткен той-жиынның мән-жайын анықтап жатыр. Видеода танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртас та қонақтар арасында көрінеді.

https://www.instagram.com/p/CMwOaYqpXcM/embed/?cr=1&v=13&wp=540&rd=https%3A%2F%2Fm.sputnik.kz&rp=%2Fsociety%2F20210324%2F16604048%2FQayrat-Nurtas-zhauapkershilik.html%3Ffbclid%3DIwAR2mc7gZezJ5L85nkG7ALgxf9z6T3SatI68J7foA98n0yd7txcfI8wIrDWc#%7B%22ci%22%3A0%2C%22os%22%3A3622.6449999994657%7D «Танымал әншіге қатысты видео 23 наурыздан кейін әртүрлі желілерде жариялана бастады. Ал мемлекеттік бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес республика аумағында бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Қазіргі кезде қазақстандық әншінің қатысуымен өткен жиынға баланысты мейрамхана иесі мен лауазымды тұлғаға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны туралы полициядан алынған материалдар негізінде тиісті шара қабылдау мәселесі қарастырылып жатыр», – делінген Семей қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.

Ал Instagram желісінің қолданушылары жарияланған видеодағы той иесі Семей қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы екені айтылады.

«Бүгін «Жібек жолы» мейрамханасында Семей қаласының мамандандырылған ХҚКО-ның басшысы Ержан Тілеужанов той өткізді. Тойға Қайрат Нұртас келді. Ол Қайраттың жанында көк костюммен отырған адам», – деп жазылған видео астына жазылған пікірлердің бірінде.

Аталған фактіге орай, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп, тексеру жұмыстарын жүргізуде. Соның аясында карантиндік шектеулерді бұзушылар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша жазаға тартылады. Оларға ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, карантиндік шектеу кезінде өткен мерекелік іс-шараның барлық қатысушыларымен бірге Қайрат Нұртасқа қатысты да әкімшілік материалдар жиналған.

sputnik.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!