Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Байқоңырға барып, зымырандардың қалай ұшырылғанын көруге мүмкіндік беретін жаңа жобаны іске қосты, деп хабарлайды Экспресс К.

Ведомство өкілдері осы арқылы жастардың ғарыш саласына деген қызығушылығын арттырамыз дейді.

Бұл жоба TikTok желісі арқылы байқау ретінде жүргізіледі. Шарттары қарапайым. Зымыранның ұшу сәтін көргісі келген жандар өздерінің ғарыш туралы білгендерін айтып немесе ғарышкер Айдын Айымбетовке қояр сұрақтарын видеоға жазып, TikTok-қа салуы керек. Бұл видеоны #мыпростокосмос хэштегімен жүктеуі тиіс.

Челлендж жеңімпаздары Байқоңырға барып, зымыранның ұшқан сәтін көре алады. 18 қазанда Айдын Айымбетовтың TikTok парақшасында жеңімпаздардың есімдерін білуге болады,

— делінген министрлік сайтында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!