Халық жарнамамен кез келген ақпарат алмасу құралдарында кездестіреді. Теледидар көргенде, радио тыңдағанда, әлеуметтік желіде отырғанда тауар немесе қызмет көрсету туралы көреміз әрі тыңдаймыз. Менің ойымша кез келген бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттар мен деректерде жарнамаға жатады. Сондықтан жарнаманың адам санасына әсері бар деп айтуымызға толықтай негіз бар.

Ең алдымен жарнама сәттілік пен бақытты насихаттайды. Кез келген жарнамалық құндылықта жоғары деңгейдегі тұрмыс-салтты қалыптастыруға бағыттылған ойларды көреміз. Жарнаманың осы идеялары арқылы тұтынушылар ойына, құндылықтарына сәйкес келетін жеке қатынасы қалыптасады. Кез келген тауарды сатып алу және қызмет түрін пайдалануға шақыру әлеуметтік құндылықтарын да жүйеге келтіреді деп ойлаймын. Сана-тек адамға ғана тән нерв жүйесін қалыптастырудың жоғарғы сатысы болып табылады. Сана заңдылықтарды терең түсінуді қажет ететін жеке адамның мінез-құлқын сипаттайды.

Адам санасы кез келген әрекетті ең алдымен өлшеуді және сол қимылға баруды белгілейді. Өз әрекетінің нәтижесін санада қалыптастыру арқылы алдына мақсат қойылады, кез келген мұқтаждықты қанағаттандыру ойластырылады. Демек, адам санасының түбіне ықпал жасайтын жарнама бірізділік және реттілікпен жүреді.

Тауардың басымдылығы туралы ойлану адамның түпсанасындағы мұқтаждықты айқындап, оның түсінілуі мен қайта тексерісі дәйектеледі. Тұтынушы өз тауарын алуға келгенде өз мұқтаждықтарын түсінеді. Дегенмен көп жағдайда халық бұл тауарды неге қажет екенін, неліктен сатып алғанын түсіне бермейді. Түтынушылар мінез-құлқын манипуляциялау-көптеген жарнамалық әдістердің негізі болып табылады.

Әдетте кез келген әрекетке итермелеу құпия түрде жүреді. Таңдау барысында абай болу қағидаларын ұстану қажет деп ойлаймыз. Бүгінде халық жеңіл байлыққа кенелу жолдарын іздеу барысында жарнамалық хабарламаларға алданып жатады. Алаяққа барып жатқан азаматтардың торына түсіп қалып жатқанын жаңалықтардан күнделікті көріп жатамыз. Оңай түрде мемлекеттік баспана иелену немесе жұлдыздар ұйымдастырған лоторея ойындарына қатысу арқылы опық жеп жатқан азаматтарымыз қаншама. Ең қызығы, нәтижелі шешіміміз ең соңында негізделген, өлшенген жеке таңдау болып шыға келеді. Міне, осы тұста жарнаманың адам санасына ықпалы бар екенін түсінеміз.

Балауса Алдабергенова,

№107 орта мектептің 11-сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!