Фото: Facebook/Рустем Жансеитов

Белгілі қазақстандық журналист Ғаділбек Шалахметов 4 сәуірге қараған түні қайтыс болды, деп жазады BAQ.KZ.

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында экономист Рүстем Жансеитов хабарлады.

Ғаділбек Шалахметов 80 жаста болды.

Бүгін түнде менің жақын туысым Ғаділбек Мінәжұлы Шалахметов қайтыс болды. Публицист, ақын, Қазтелерадионың бұрынғы төрағасы, «Мир» телеарнасының негізін құрушы еді. Сене алар емеспін…, – деп жазды ол.

Ғаділбек Мінәжұлы 1943 жылы 9 маусымда Астрахань облысы, Камызяк ауданының Чистая Банка аралында дүниеге келген. Кеңестік, қазақстандық публицист, 300-ден астам ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы, сценарист. Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдар академиясының академигі.

1961-1966 жылдар – Қазақ политехникалык институтының металлургия факультетінің студенті болды.

1974-1976 жылдар — Сценарист пен режиссер мамандығы бойынша жоғары курстарын бітірген (Мәскеу).

Еңбек жолын Қазакстан ғылым академиясының Металлургия және байыту институтында жұмысшы, аппаратшы болып істеп бастады. Институтты тамамдағаннан кейін ӨКМК-нда балқытушы болып істеді.

1967 жылдан 1974 жылға дейін Қазақ теледидары бағдарламаларының редакторы, бас редакторы

1975 жылы КСРО Мемлекеттік киносына қарасты сценарий жазушылар мен режиссерларға арналған Жоғары курстарын бітірген, инженер-металлург, кинодраматург, «Элита» Элем халықтары академиясының академигі, Ресей Жаратылыстану гылым академиясының академигі, Халықаралық теледидар және радио академиясының академигі

ҚКСР Мемлекеттік телерадио бөлімінің меңгерушісі, 1982 жылға дейін Қазақ теледидарының насихаттаушы бас редакторы, комментаторы, бөлім меңгерушісі

1982 жылдан 1983 жылға дейін ҚКСР Мемлекеттік киносының бас редакторы, 1983 жылдан 1986 жылға дейін ҚКСР Мемлекеттік телерадио комитеті төрағасының орынбасары

1986 жылдан 1990 жылға дейін ҚКСР Теледидар және радиотаралым жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы

Қазақ КСР Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары министрінің бірінші орынбасары – Қазақ мемлекеттік телерадиохабар тарату компаниясының Төрағасы (1991-1992)

1991-1992 жылдары ҚКСР Президентінің баспасөз хатшысы, Қазақстан Республикасы баспа ісі және жаппай ақпарат тарату министрінің бірінші орынбасары

1992 жылы Қазакстан Республикасы Президенті баспасөз-хатшысы қызметінің жетекшісі кызметтерін атқарады

Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының негізін қалаушы. 1993 жылдың қаңтарынан 2002 жылдың мамырына дейін «Мир» мемле-кетаралық телерадиокомпаниясының президенті

1996 жылдан бастап Әлем халықтарының Бүкіләлемдік клубының академигі

2002 жылдың мамырынан казанына дейін – «Мир» МАТРК вице-президенті

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі (2000 ж. бастап)

«Қазинформ» қазақ ақпараттық агенттігінің Президенті (2002-2004)

«Самрұк» АҚ Президентінің кеңесшісі (2007 – 2009)

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты (2004-2007)

Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының (ҚазҰЖҒА) академигі

2001 ж. бастап Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының (РЖҒА) академигі (РАЕН)

Мемлекеттік сыйлықтармен марапатталған.

2009 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!