Фото: Бокс федерациясы
Қазақстандық боксшы Елнұр Сүйінбай Литвадағы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
67 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен боксшымыз турнир финалында қарсыласын жеңіп қана қойған жоқ, көрерменге шоу көрсетті.
Бокс федерациясының мәліметінше, алғашқы екі раундта ұпайын түгендеп, қарсыласының бетін қан-жоса қылған отандасымыз үшінші раундта екінші нөмірде жұдырықтасып, польшалық Кирилл Глобенконы өзіне шақырумен болды.
Бірақ Глобенконың соққыларын өткізген жоқ. Қорғаныста сауатты қимылдап, әр шабуылда ширақтық танытқан Елнұр ел намысын абыроймен қорғап, турнир жеңімпазы атанды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!