Бірнеше тіл білу − үлкен артықшылық, болашаққа жасалған сенімді қадамдардың бірі. Ол арқылы адам өз білімін кеңейтіп қана қоймай, түрлі мүмкіндікке жол аша алады. Әсіресе, жастар арасында ағылшын, корей, қытай секілді халықаралық тілдерге деген қызығушылық ерекше артып келеді. Бұл − заман талабына сай дамуға ұмтылған жастардың білімге деген құштарлығын көрсетеді. Осы орайда ағылшын және қытай тілдерін қатар меңгеріп жүрген Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 3-курс студенті Алина Ғабитқызымен сұхбаттасып, тіл үйренудің тиімді жолдары, студенттік өмір мен болашақ жоспарлары жайлы әңгімелестік.

− Алина, айтыңызшы неге дәл осы мамандықты тандадыңыз?

Бала күнімнен өзге тілдерге деген қызығушылығым жоғары болды. Түрлі елдің мәдениеті мен өмір салтын тану ұнайды. Менің ойымша, тіл адамдарды жақындастыратын ерекше құрал. Аудармашы немесе тіл маманы болу арқылы тек сөзді ғана емес, мәдениет пен ойды жеткізесін. Маған адамдармен қарым-қатынас жасау, жаңа дүниелер үйрену ұнайды. Сол себепті бұл мамандық жүрегіме жақын болды.

− Ағылшын мен қытай тілдерін қатар үйрену қиын емес пе?

− Әрине, бастапқы кезде қиын болды. Әсіресе, қытай тіліндегі иероглифтерді есте сақтау оңай емес. Бірақ уақыт өте келе үйреніп кеттім. Ең бастысы – тұрақты түрде дайындалу. Егер адамда қызушылық болса, кез келген қиындықты жеңуге болады.

− Тілді тез меңгерудің қандай жолдары бар?

−  Ең маңыздысы − күнделікті тәжірибе. Көп тыңдап, көп сөйлеу қажет. Мысалы фильмдерді түпнұсқада көру, музыка тыңдау, кітап оқу өте пайдалы. Сонымен қатар, жаңа сөздерді күн сайын қайталап отырған дұрыс. Ең – бастысы қателеспеуден қорықпау. Себебі әр қателік адамды дамытады.

− Қазіргі жастарға қандай кеңес бересіз?

− Қазір мүмкіндік өте көп. Интернет арқылы кез келген ақпаратты табуға болады. Сондықтан уақытты бос өткізбей, өз-өзін дамытуға күш салса деймін. Әр адам өз мақсатына жету үшін еңбектену керек. Табысқа жетудің басты жолы − еңбек пен сабыр.

− Студенеттік өмір сізге нені үйретті?

− Жауапкершілікті. сонымен қатар өз уақытымды дұрыс жоспарлауды үйрендім. Университте түрлі адаммен танысып, жаңа орта қалыптастырасың. Бұл кезең адам өміріндегі ең қызықты әрі есте қалатын шақтардың бірі ғой. Себебі дәл осы уақытта адам өзін іздеп, болашағына бағыт таңдайды.

Сөз сонында жоспарыңызбен бөліссеңіз.

− Болашақта халықаралық деңгейде жұмыс істегім келеді.  Шетелде тәжірибе жинап, өз білімді жетілдіруді қалаймын. Сонымен қатар, тіл үйренуді ешқашан тоқтатқым келмейді. Себебі білім алу – өмір бойы жалғасатын процесс.

 − Жауабыңызға рақмет!

                                                  Cұхбаттасқан  Анар БОРАНБАЙ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!