2023 – қоян жылы. Ол 12 циклды қытай жұлдызнама­сында 4 орын алады және шығыс күнтізбесінде ең бақытты саналады. Жақында ТМД бойынша танымал нумеролог Әдемі Мәуленова 2023 жылы кімдердің табысты болатынын айтқан еді. Сондай-ақ маман жаңа жылға болжам жасап, кімге сақ болу керектігіне де тоқталды. Жаңа жыл 7 санының энергиясымен өтеді. Сондықтан әр адам өзінің жеке санына мән беру керек.

Мәселен, сіз 17.12.1999 жылы дүниеге келдіңіз делік. Енді туған күн мен ай санын өзара қосып, бір сан шығарамыз. Мысалы, 1+7+1+2=11=1+1=2. Содан соң биылғы жылдың басты саны 7-ге сіздің жеке саныңызды қосып, бір сан шығарамыз. Мәселен, 7+2=9. Осылайша, 17.12.1999 жылы туған адамның биылғы саны 9-ға тең.
Нумерологтың болжамы бойынша, бір саны шыққан жандар үшін алдағы жыл мақсатына қол жеткізетін. 2023 жыл жаңару жы­лы­­­на айналып, адам өміріндегі кейбір жайттар логикалық соңына жетеді. Бұл жеке қарым-қатынасқа қатысты болуы мүмкін.
Екі саны тиесілі жандар үшін жылдың басты ұраны – дипломаттық қарым-қатынас. Агрессия танытып, қысым көрсетуге мүлде болмайды. Егер ашуға ерік берсеңіз, жағдай сіздің пайдаңызға шешілмеуі мүмкін. Алдағы жылы басталатын жеке қарым-қатынас шаңырақ көтерумен аяқталады. Әсіресе, жеке өмірінде тұрақтылық жоқ жандар мүмкіндікті жіберіп алмауы қажет. Егер коммерциялық идеяңыз болса, оны жүзеге асыратын әріптес табуға тырысыңыз.
Үш саны шыққан жандар үшін 2023 жыл шығармашылық пен еркін идеяға толы болмақ. Өсу, даму бірінші орынға шығады. Сондықтан қаржылық жағдайды жақсарту үшін атқаратын қызмет аясын кеңейту қажет. Әсіресе, алдағы жыл саяхаттауға, көшуге, мамандық ауыстырып, жеке өмірді жақсартуға өте қолайлы. Өзіңізді жалпыға ортақ нормалармен шектемеңіз. Идеяңызды жүзеге асыру үшін барлық қадамға барыңыз. Бастысы – физикалық формаңызды, денсаулығыңызды сақтаңыз.
Төрт саны тиесілі жандар үшін жаңа жыл тұрақтылық пен сенімділіктің белгісі болмақ. 2023 жылы үйленгендердің некесі берік болады. Келер жылы үй немесе басқа да жылжымайтын мүлік сатып алуға мүмкіндік көп. Сізге көп жұмыс істеп, қаражат жинаған жөн. Жауапкершілікті арттырып, ертеңге ештеңе қалдырмаңыз. 2023 жылғы басты міндетіңіз –позицияңызды ұстанып, болашақтың іргесін қалау.
Бес санының есебі шыққан жандар үшін жаңа жыл өзгеріс уақыты болмақ. Мамандық ауыстырып, саяхатқа шығып, қоныс аударуға ыңғайлы кезең. Жыл жаңа жобалар бастау үшін де қолайлы. Көптеген күтпеген жайт орын алады. Жеке өмірде өзгерістер көп болуы мүмкін. Бірақ ештеңеден қорықпай, алға басыңыз. Жаңа қарым-қатынас, жаңа іс, жаңа табыс көзін іздеген дұрыс. Денсаулыққа да көңіл бөліңіз.
Алты саны тиесілі жандар үшін 2023 жыл махаббатқа толы жыл болмақ. Жеке өмірді жақсы жаққа өзгерту үшін қолайлы жыл. Отбасында қиындықтар кездессе, 2023 жылы бәрі шешіледі. Жаңа жыл сіз үшін борышыңызды өтейтін жылға айналады. Жақындарыңызға қамқор болып, игі істермен айналыссаңыз, жылдың сыйлайтын қуанышы арта түспек.
Жеті саны тиесілі жандар үшін 2023 жыл өзін-өзі тануға, рухани дамуға арналған кезең болмақ. Әрбір қадамды ойланып басып, асығыс, қызу шешімдер қабылдамау қажет. Бұл жылы құндылықтар мен көзқарастарға қайта баға берген жөн. Сізге жұмыс істеп, материалдық қажеттіліктерді өтеу қажет. Жақындарыңызбен ара-қатынасты реттеп, жаңа баспалдаққа көтерілуге тырысыңыз.
Сегіз саны шыққан жандар үшін жаңа жыл бизнес пен әлеуметтік дамудың, нақты шешімдердің жылы болмақ. Сондықтан ақша табу, сүйікті адамыңыздың жүрегін жаулау сынды істерге келгенде сенімді қадам басыңыз. Жарты жолда тоқтап қалмай, бастаған істі аяғына дейін апарыңыз. Өміріңіздегі үлкен өзгерістер жылдың басында болуы мүмкін. Бұл жаңа жұмыс орны немесе жаңа баспана болуы да ғажап емес. Жаңа жыл энергияның көп шығындалуына әкеледі, сол үшін денсаулығыңызға ерекше мән берген дұрыс. Егер осының бәрін қадағаласаңыз, табысқа жетесіз.
Тоғыз саны тиесілі жандарға өткенді ұмытып, алға қадам басқан жөн. Келер жыл барлық бітпеген іске нүкте қою аса маңызды. Мәселен, қарызыңызды қайтару, жөндеу жұмыстарын аяқтау, құрылысты бітіру сынды жұмыстарды дер кезінде аяқта­ңыз. Әйтпесе ол тағы бірнеше жылға созылып кетуі мүмкін. Жақын арада сізді үлкен өзгерістер күтіп тұр, сондықтан, өз ойыңызды електен өткізіп, жаңаруға дайындалған дұрыс. Сатып алатын ірі заттардың барлығын кейінге қалдырыңыз. Денсаулығы­ңызға күтім жасап, үмітіңіз ақталмай жатса, қапа болмаңыз.
2023 жылы 1, 2, 3, 5 және 8 саны шыққан адамдарды қаржылық табыс, жаңа бизнес пен жаңа мамандық күтеді. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8 санындағы адамдардың жеке өмірінде жақсы өзгерістер болады. 1,7,9 санындағы адамдар рухани дамып, өзіндік менін қалыптастырады. Ал 4,7,9 санын­дағы адамдар үшін кез келген өзгеріске тәуекел етпе­ген дұ­рыс.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!