Елімізде сот төрелігін жүзеге асыруды жеделдететін, сот қызметін ашық және қолжетімді етуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар қолданылып келе жатыр, солардың бірі «Сот кабинеті» – электрондық ақпараттық сервисі деп айтсақ та болады, 2014 жылдың маусым айынан бастап енгізілген жаңашылдық.

«Сот кабинеті» бұл халық үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығына қол жеткізуіне жасалғандықтан, сот органдарының онлайн сервисіне кіруіне арналған бірыңғай терезе болып саналады. Заманауи технологияларды қолданудың арқасында істерді қарау ыңғайлы әрі қолжетімді бола бастады, яғни азамат, оның өкілі немесе заңгер өзіне қолайлы кез келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпастан, интернет желісі арқылы талап арыздарын, оған қоса тіркелетін құжаттарын, басқа да сот істері бойынша өтініштерін жолдап, баж алымдарын төлей алады, сонымен қатар, істегі мәртебесін қарап, сот актісін шығара алады.

Аталмыш қызметтің басты басымдығы – сот жүйесінің беделін арттыру, халықтың соттарға деген сенімін нығайту міндетті түрде кіреді. Бұл, ең алдымен, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтерумен тығыз байланысты деуге болады.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті» ММ-нің «Электрондық үкімет» порталының төлем шлюзі арқылы «Төрелік» сот органдарының автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылын іске асырды, яғни судьялар «Электрондық үкімет» төлем шлюзімен интеграция жасау арқылы талап арыздар бойынша төленетін мемлекеттік баж төлемдерін тексеріп, Қазынашылық комитетінің растау қағазымен байланыстыра отырып, түбіртек түпнұсқасын сұратпай-ақ, талап арыздарды қабылдай алады.

«Сот кабинетін» электронды цифрлық қолтаңбасын бар республиканың кез келген азаматы тұтына алады. Халық арасында «Сот кабинетін» қолданушылардың саны күннен күнге көбеюде.

Сот жүйесіне заманауи технологиялардың енгізілуі мен қолданылуы сот өндірісін жеңілдету, бюрократиялық кедергілерді жою, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен тікелей байланысын азайту жолымен сыбайлас жемқорлықтың орын алу ықтималдығын төмендетуге септігін тигізді және еліміздің тұрғындары үшін сот жүйесінің ашық әрі қолжетімді болуына барынша мүмкіндік туғызды.

Аружан Өміртай,

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының

жетекші маманы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!