Алматы қаласы әкімінің экс-орынбасары Ержан Бабақұмаров «Спорттық Алматы» бағдарламасына бөлінген 367,5 миллион теңгені жымқыру ісі бойынша куәгер ретінде жауапқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қалалық Спорт басқармасының бұрынғы басшысына және басқа да тұлғаларға қатысты 367,5 миллион теңгені жымқыру фактісі бойынша тергеудің аяқталғаны туралы хабарлады.

Қазіргі уақытта қылмыстық процеске қатысушылар іс материалдарымен танысу шаралары жүріп жатыр.

«Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров бұл қылмыстық іс бойынша күдікті емес, ол қаражаттың бөліну жағдайы және «Спорттық Алматы» кешенді қалалық бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы куәгер ретінде жауап алынды», – деп деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы әкімінің экс-орынбасары мен жақында жұмыстан босатылған Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы Ержан Бабақұмаровты Artsport бағдарламасына бөлінген 369 миллион теңгенің ұрлығына қатысы бар деп күдіктенетіні туралы хабарлама шыққан болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!