Қазақстанда әйелдерге қарағанда ерлер көп табыс табады. Finprom.kz-тің дерегінше, биыл қазанда күнкөріс шегі 48,1 мың теңге болды. Бұл көрсеткіш былтырғыдан 17,1%-ке артық. Былтыр дәл осы қазан айында 13,6% өсіп, 41,1 мың теңге болғен еді

Аймақтарда ең жоғары күнкөріс көрсеткіші Маңғыстау облысында, яғни 60,8 мың теңге. Былтырғыдан 26,7%-ке артық. Одан кейінгі орында Астана (52,6 мың теңге) мен Алматы (51,5 мың теңге) тұр. Шығыс Қазақстан (50,1 мың теңге) мен Ақмола (48,1 мың теңге) облысы алғашқы бестікте келе жатыр.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі Қызылорда, Түркістан және Батыс Қазақстан облысында тіркелді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!