Астанада өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жарақат алу оқиғасына байланысты қызметтік тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.

«Тәуекелді ескере отырып, қызметкер үйдің ішіне кіре алмаған соң, қызметтік киімін шешкен. Қазір бұл оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр», – деді Ильин.

Министрдің сөзінше, өрт сөндірушінің жағдайы ауыр, ал операцияға қатысқан тағы бір қызметкердің жағдайы қалыпты.

«Өрт кезінде жарақат алудың кез келген фактісі басшылық пен қызметкерлердің іс-әрекеттерін одан әрі бағалау үшін қызметтік тексеруге жіберілді», – деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, президент әкімшілігінің тапсырмасы бойынша өрт сөндірушілерді марапаттауға дайындық жүріп жатыр.

Еске салайық, 16 қарашада Астанадағы пәтерлердің бірінен өрт шығып, екі ересек пен бір баланың көмірқышқыл газынан уланғаны жазылған.

Оларды құтқарып қалған қызметкердің беті, арқасы, іші, жоғарғы және төменгі жақтары 2-3 дәрежелі күйік шалды. Денесінің 80% күйік шалған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!