Өнеркәсіпті дамыту қоры автонесие үшін аз көлемде ақша беретінін және өтінім жаңа тәсілмен қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К

Kolesa.kz еліміздегі автонесие операторы Өнеркәсіпті дамыту қорының 20-шы қарашадан кейін жеңілдетілген автонесие беруді қайта жалғастыратынын хабарлады. Қазір мамандар аталған жүйе ашық болу үшін тек онлайн өтінім қабылдайтын арнайы порталдың жұмысын тексеріп жатыр. Кейін бұл мәселе бойынша өтінім беру алгоритмі белгілі болады.

Кезекте тұрғандарға револьверлік жолмен қайтқан, яғни қарыз алып, ай сайын төлеп отырған тұрғындардан түскен ақша беріледі. Сондықтан бұл жолы көп өтінім қабылданбайды. Қаражат таусылған соң портал жабылады да, бір айдан кейін қайта қосылады. Ол ашылатын күнді оператор алдын ала хабарлайды.

Біршама уақыт бұрын Өнеркәсіпті дамыту қорының бағдарламасы бойынша биыл 1 қыркүйекке дейін банктер 13 307 несиені мақұлдап, 11 мың автомобильді иелеріне бергенін айтқан. Ақшаның револьверлік жолмен қайтуы жыл сайын 7.7 млн теңгелік — 1858 авто, 10 млн теңге тұратын 1430 машина алуға мүмкіндік береді. Осылайша 30 жылда елімізде 60 мыңға жуық автокөлік жаңарады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!