Қала әкімі Асылбек Шаменов «AMANAT» партиясы қалалық филиалының ғимаратында қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев, қала прокуроры және қалалық полиция басқармасының бастығымен бірге тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға тұрғындардың дені баспана, жәрдемақы және түрлі мәселелер бойынша келген. Сауалдарға сала басшыларының талқылауымен заң аясында жауаптар берілді. Хаттамаға енгізілген мәселелердің бірқатары жедел шешімін тапты.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін қала әкімі 7 рет жеке қабылдау өткізіп, 350-ге жуық тұрғынның мәселесіне ден қойды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!