Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өздерін мемлекеттік органның басшыларының атынан әрекет етеміз деп таныстырып, азаматтардан пара алған алаяқтарды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Топ мүшелері өз құрбандарына түрлі мәселелерді шешіп беруге уәде берген. Қазір күдіктілердің бірі – Б.Қ.Әбдікерімов сот санкциясымен қамауға алынды. Ал М.Ж.Тұрановтан «Халықаралық полиция орталығы» («Interpol Center UN») генерал-майорының куәлігі тәркіленді.

“Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу шаралары жүріп жатыр. Аталған адамдардың басқа қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!