Қазақстанда жыл басынан бері тұрмыстық жуғыш заттар мен тазалау құралдары, сабындар бірнеше есеге қымбаттаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Data Hub телеграм арнасына сілтеме жасап. 

Сарапшылар 2021 жылы ыдыс жууға арналған құралдар 4,9%-ға қымбаттаса, 2022 жылы олардың бағасы 36,6%-ға өскенін айтады. Бұл инфляция деңгейінен екі есе артық. Бір ғана қазан айында бұл өнім түрі рекордтық 7%-ға жеткен.

Ал кір жуғыш ұнтақ бағасы қазан айында 5,1%-ға, қыркүйек айында 5,4% өскен. Жалпы құн жыл басынан 29,6%-ға шарықтаған.

Сабын құнының өсуі бәрінен де тез қарқында. Жыл басынан бері балаларға арналған сабын 46,5%-ға (қазанда +5,3%); гигиеналыө сабындар – 44,8%-ға (+1,8%); кір сабындар– 77,1%-ға (+5,4%) қымбаттаған.

Сарапшылар барлығы импортпен байланысты екенін алға тартты. 8 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 8 мың тонна жуғыш зат өндірілсе, 78,5 мың тоннасы импортталған. Оның үстіне сол кезеңдегі экспорт 9800 тоннаны құрады. Сонымен қатар, 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда өндіріс 9,8%-ға қысқарған. Ал экспорт 31%-ға өскен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!