Қызылордада жыл сайынғы «Қызылорда аруы» байқауының финалдық кезеңі өтті. Жеңімпаздардың IQ деңгейі жоғары.

Ақтық сында кешкі көйлектер, ұлттық киімдер және шығармашылық нөмірлермен сән көрсетілімінде өнер көрсеткен 11 ару өңірдегі ең сұлу бойжеткен атағына таласты.Шоу екі сағаттан астам уақытқа созылды, финалға шыққандардың бәрі сұлу. Бірақ сұлулық қана емес, ақыл да сыналды. «Қызылорда аруы-2022» атағын қаланың екі мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып істейтін Жадыра Мырзахан жеңіп алды. Ал заңгер студент Дильназ Шермахан вице-мисс болды.Арудың тәжін дәстүр бойынша былтырғы «Қызылорда аруы» байқауының жеңімпазы Айсұлу Сағындықова табыс етті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!