30 қарашада Қызылорда қаласында ауа-райының қолайсыздығына байланысты көктайғақ салдарынан қала аумағында 30 жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол апатынан жарақат алған 3 қала тұрғыны ауруханаға көрініп қайтарылды.

Автокөлік жүргізушілеріне Қазақстан Республикасының Әкімшлік Құқық Бұзушылық кодексінің 610-бабымен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) әкімшілк хаттамалар толтырылды.

Жол бойында арнайы 14 автокөлік жұмылдырылып, құм-тұз себу жұмыстары жүргізілді. Қала тұрғындарынан жолда абай болуын және жүргізушілерден көлік жылдамдығын үдетпеуін сұраймыз. Жылдамдық режимін сақтау, сондай-ақ автомобильдер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты, яғни дистанция сақтау және қысқы дөңгелектермен жабдықталу маңызды, бұл жолдағы күтпеген апаттың алдын алуға бірден-бір себепші болады», – деді Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жаназаров Әбдібек Сламбекұлы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!