Көкшетауда Жаңа жыл мерекесіне орай қаланы безендіруге 44 млн теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚазТАГ-тың хабарлауынша, қала әкімдігі жаңа жылдық іс-шараларды өткізу бойынша тендер өткізді. Осы мақсаттарға бюджеттен қомақты ақша бөлінді.

Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған ашық конкурсқа көкшетаулық екі фирма ғана қатысқан. Өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша 44,1 млн теңге сомасына қызмет көрсетуді ұсынған «КөкшеТазалық» ЖШС жеңімпаз деп танылып, компаниямен келісімшарт жасалып қойған.

«КөкшеТазалық» қоқыс шығаратын компания екені белгілі және облыс орталығының барлық ұйымдары онымен қызмет көрсетуге шарт жасасады. 2017 жылдан бастап аталған фирма 13 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік ұйымдармен қалдықтарды әкетуге, қалалық аумақтарды жинауға келісімдерге қол қойды.

Техникалық сипаттамаға сәйкес, жеткізуші 12 дана композициясы бар мұз қалашығын салуы керек, ақауларды жою мен күтімді қамтамасыз етуі керек, сондай-ақ Аяз ата мен Ақшақардың кескіндерін жасауы керек. Орнатылатын бас шыршаның биіктігі – 22 м, кішісі –18 метр болуы тиіс.

#Көкшетау#әкімдік#Жаңа жыл#шырша

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!