Білім басқармасының бұйрығымен, конкурс нәтижесінде И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің директоры лауазымына Абдикаримов Бахытхан Жүнайдұлы тағайындалды.

Білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова жаңа басшыны колледж ұжымына таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Бахытхан Жүнайдұлы Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институты, физика-математика пәні мұғалімі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессоры. Қазақстан Республикасы президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасы стипендиясының иегері. 2010-2011 жылдары Киев ұлттық университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолында Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының «Физика және ФОӘ» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, кешкі оқыту факультетінің деканы қызметтерін кейіннен Киев ұлттық университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. Кейіннен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетінің оқу әдістемелік басқармасының басшысы,

Физика-математика факультетінің деканы, 2012-2014 жылдары Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, гуманитарлық-педагогикалық институтының директоры.

2014-2016 жылдары гуманитарлық-педагогикалық факультетінің деканы.

2016-2020 жылдары университеттің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор.

2019 жылы университет ректоры міндетін атқарушы.
2020 жылдан осы кезге дейін университет ректорының қоғаммен жұмыс жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған.