Компания басшылығы компания тобының барлық қызметкерлерінің жалақысын 85 000 теңгеге көтеру туралы әділ шешім қабылдады.

«Қазақмыс» 2022 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша, ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында келісімшарттық еңбекақы төлеу нысаны бар қызметкерлерді қоспағанда, топтың барлық қызметкерлері алатын жылдық сыйлықақы төлейтін болады. Бұл туралы ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz.

Сыйлықақы мөлшері топтағы жұмыс өтіліне байланысты болады, сондықтан еңбек өтілі бір жылға немесе одан да көп болатын қызметкерлер сыйлықақы мөлшері лауазымдық жалақының/айлық тарифтік мөлшерлеменің 100% құрайды. Ал бір жылдан аз жұмыс істеген қызметкерлерге 50% мөлшерінде сыйлықақы төленетін болады.

Бұдан басқа, 2023 жылы азық-түлік және бірінші кезекте қажетті заттар бағасының өсу болжамын бағалай отырып, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап топтың барлық қызметкерлерінің жалақысын 85 000 теңгеге көтеру туралы шешім қабылданды.

Азық-түлік пен қажетті заттар бағасының өсуі барлығына әсер етеді, сондықтан 2023 жылға арналған инфляция болжамына сәйкес жалақының пайыздық мөлшерлемемен, қолданыстағы жалақымен және сағаттық тарифтік мөлшерлемелермен өсуі көп жұмысшылар үшін айтарлықтай рөл атқармас еді.

Дәл осы себептерге байланысты компания басшылығы компания тобының барлық қызметкерлерінің жалақысын 85 000 теңгеге көтеру туралы әділ шешім қабылдады.

Бұл ретте 2023 жылы жалақыны көтеруге арналған шығындардың жалпы қоры 55,7 млрд теңгені құрайды, бұл пайыздық арақатынаста жалақыны көтеруге бастапқыда бөлінген бюджеттен 1,8 млрд теңгеге жоғары. 

«Қазақмыс» тобы 2023 жыл бойы азық-түлік бағасын мұқият қадағалап, тиісті шешімдерді жедел қабылдайтын болады.