1 қыркүйектегі жағдай бойынша 186,2 мың отбасындағы 891,1 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек  тағайындалды, бюджеттен 83 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Сондай-ақ әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 227,1 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығын алды. Атаулы әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен азаматтарға тағайындалады.

Бұдан бөлек, барлық өңірде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балалары кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар әлеуметтік көмекке өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz порталы арқылы бере алады.