Дипломдардың орнына сертификаттау жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда дипломның болуы біліктілік деңгейінің көрсеткіші емес екенін мойындауымыз керек. Сондықтан жұмыс берушілердің көбісі нақты жұмыс өтілінің болуын талап етеді. Бұл жастардың жұмысқа орналасуына кедергі болуда. Осыған байланысты, ұлттық біліктілік жүйесін дамыту арқылы білім беру жүйесін жұмыс берушілердің талаптарымен байланыстыратын «Кәсіптік біліктілік туралы» заңның жобасы әзірленді. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің техникалық тапсырмаларына, яғни кәсіптік стандарттарына сәйкес әзірленетін болады», – деді Тамара Дүйсенова.

Министр дағдылар мен құзыреттерді бағалау үшін сертификаттау жүйесі енгізілетінін атап өтті.

«Сертификат тәжірибеде қажет болатын білімі, еңбек дағдысы мен біліктілігін бағаланып барып беріледі. Сертификаттар тек формалды ғана емес, сонымен қатар формалды емес және информалды білімі бар адамдарға да беріледі», – деді министр.