ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы» қаулының жобасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

«2022 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап бес пайызға арттыру жүргізілсін», деп жазылған қаулы жобасының мәтінінде.