Алдағы үш жылда ішкі істер органдары қызмет­кер­лері­нің лауазымдық еңбекақысы орта есеппен 30 пайызға өседі.

– Осы мақсатқа 100 мил­лиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Ұлттық ұлан сар­баздарының айлық жал­ақы­­сы біртіндеп өсіп келеді. 2021-2023 жылдары офи­цер­­­лердің жалақысы 70 про­цент­ке, келісімшарт бойын­ша қызмет ететін әскерилердің еңбекақысы 60 процентке жуық артады, – деді Пре­­­зи­­дент “Қайсар-2021” оқу-жаттығуында.

2024 жылдың соңына дейін арнайы күштерде қызмет ете­тіндер мен келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүр­гендердің бәрі офицер шенін алады. Президент тұр­ғын үйге қомақты қаражат жұмсалып жатқанын атап өтті.

– Қазіргі кезде 24 мың полиция қызметкері мен 13,5 мыңнан астам әскери қызметшіге тұрғын үй төлемдері беріліп тұрады. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзететін қызметкерлерге жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету біздің мемлекетіміздің басымдықтарының бірі болып қала береді, – деді Қ.Тоқаев.