Finprom.kz зерттеуіне сүйенсек, Еңбек еркіндігі рейтингінде Қазақстан 182 мемлекеттің ішінде 5-орында. Аталмыш рейтингте алғашқы орындарға Сингапур, Бруней-Даруссалам мен АҚШ жайғасқан. Соңғы орында – Солтүстік Корея. «ТМД елдерінің ішінде Қырғыз республикасы 13, Беларусь 23, Армения 25, Әзербайжан 59, Өзбекстан 83, Ресей 114, Украина 146, Тәжікстан 153, Молдова 17, Түрікменстан 181 орыннан көрінген.
«2021 жылдың екінші жартысында елде жұмыспен қамтылған азаматтардың саны – 8,8 млн адам. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен қарағанда 1,2 пайызға көп» делінген зерттеуде. Аймақтарды бөліп қарағанда жұмыспен қамтылғандардың басым көпшілігі Алматыда: 981,4 мың адам. Үздік өңірлердің үштігіне енетін Алматы облысында 973,8 мың адам, Түркістанда 777 мың адам енген. Жұмыспен аз қамтылғандардың ең азы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!