Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әрбір зейнеткерге 59 000 теңге мөлшерінде төлем төленетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Қазнетте әрбір зейнеткерге 59 000 теңге мөлшерінде төлем төленуі керек екендігі туралы ақпарат тарап жатыр. Тапсырманы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев   берген көрінеді. Алайда бұл ақпаратты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоққа шығарды.  

«Азаматтарға мұндай хабарламаларды алаяқтар жеке аккаунттар мен банк шоттарын иемдену үшін пайдалануы мүмкін екенін ескертеміз. Күмәнді сілтемелерді ашпаңыздар және алаяқтықтың құрбаны болмау үшін жеке мәліметіңізді қалдырмаңыздар, – деді ведомстводағылар.

Министрлік азаматтардан фейктерге назар аудармауды және ақпаратты ресми дереккөздерден ғана алуды сұрады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!