Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным» жобасы аясында жастардың қатысуымен «Өз қалаңды таны» интеллекталдық сайысы өтті.

Сайысқа «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, этнос жастары мен еріктілер қатысты.

Мақсаты жастар арасында қаламыздағы маңызы зор тарихи және мәдени ескерткіштер мен орындарды, шаһарымыздың басты құндылықтарын кеңінен таныту. Сондай-ақ қала тарихына қатысты білімдерін жетілдіру.

Барлығы 4 топқа бөлінген қатысушыларға тарихи орындарға қатысты түрлі сұрақтар мен тапсырмалар берілді. Тапсырмалар мен жасырылған сұрақтарды уақытында тапқан және сол тарихи тұлғаның немесе орынның толық мәліметін ұсынған топтар жүлделі орындарды иеленді. Интеллектуалдық сайыс Б. Шөкенов атындағы саябақтан бастау алып, Достық үйінде аяқталды. 

Нәтижесінде қазылар алқасының шешіміне сәйкес «Сыр Ана» тобы жүлделі І орын, «Тұран» тобы ІІ орын, «11 аймақ» тобы ІІІ орынды иеленді. Шара соңында облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Ф. Әбдібағдатұлы қатысушыларға алғысын білдіре отырып, жеңімпаздарды марапаттады. Жеңімпаздарға қаржылай сыйақылар мен дипломдар, барлық қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.  

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!