Турнирдің мақсаты –  жастар арасындағы жұмысшы мамандықтарының беделін және жұмыс жастарының мәртебесін арттыру, жас жұмысшылардың дамуын, жастардың өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру.             

Кездесуге «Jusanbank» АҚ облыстық филиалы, «Мечта», «Еврика» сауда орындары, сондай-ақ, орта және шағын кәсіп орындарында  жұмыс жасайтын  30-ға жуық жасқатысты.

«Уақытымыздың басым бөлігі жұмыс орнында өтеді. Сондықтанда болар, хоббимен айналысып, бой сергітуге арнайы уақыт таппай жатамыз. «Жұмысшы жастармен жұмыс» жобасы аясында өткізілетін шараларда жаңа достар тауып, уақыттыда тиімді пайдаланудамын. Турнир қызықты әрі тартысты өтті.Алдаға уақытта шараларға тұрақты түрде қатысып тұрамын деген ойдамын -дейді турнирге қатысушы Келимбетов Жасұлан.

         Турнир соңында жеңімпаздарға «Jas Otan» имидждік өніміжәне дипломдар табысталды.

      Айта кетейік, шара барысында барлық  санитарлық талаптар сақталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!