Қазақстандық “вундеркинд” бала атанған 16 жастағы Абзал Мыраш АҚШ-тың Нотр-Дам университетінің компьютерлік ғылым және инженерия факультетінің магистратурасына түсті.
Қазақ-британ техникалық университетінің “Ақпараттық технологиялар” мамандығын небәрі 12 жасында аяқтаған ол енді білімін АҚШ-та жетілдіруді көздеп отыр. Абзал оқуға тамыз айында аттанады. Дарынды жас магистратураға түскенімен, бірнеше семестр өткен соң, жоғары оқу орнының басшылығы оны доктарантураға ауыстыруды жоспарлап отыр. Абзал Мыраш бұдан бөлек, доктарантураға түсу үшін, University of Pennsylvania, MIT, Harvard University, Princeton University, Yale University және басқа да университеттерге өтінім жолдаған. Алайда, аталған ЖОО-ы өз талаптарына сәйкес, тым жас студенттерге доктор мәртебесін бере алмайды екен. Десе де, Абзал магистратурадағы оқуы бастала салысымен, компьютерлік ғылымдардың PhD бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеулер жасауды бастамақ. Осыдан кейін ол Computer Science and Engineering мамандығы бойынша PhD докторантураға ауысуға өтінім бере алады.
АҚШ-тағы оқуы аяқталған соң, Абзал елге қайтуды жоспарлап отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!