Ал оның бағасы – 7 мың доллар немесе 3 миллион теңге.

Желіде 45 келілік той көйлегін киген қалыңдықтың видеосы тарады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Ақерке Жүнісхан есімді TikTok қолданушысы парақшасында қалыңдық көйлегін көрсетіп видео жүктеген. Онда көйлегінің ауыр екені, түрлі әшекеймен қапталғаны көрінеді. Қалыңдықтың видеосы 500 мың қаралым, 43 мың лайк жинаған. 

Қалыңдықтың айтуынша, бұл көйлектің салмағы – шамамен 45-50 келі. Ал оның бағасы – 7 мың доллар немесе 3 миллион теңге. 

«Көбі көйлектің бағасын сұрап жатыр. Көйлек 7 мың доллар тұрады. Қалтаңыз көтерсе, неге кимеске? Онда тұрған ештеңе жоқ», – деп жазған ол.  

Желі қолданушыларының бірі мұндай той көйлегін алған қалыңдықты түсінбейтінін айтса, енді бірі жарасып тұрғанын жеткізген. 

«Күйеуімен вальс қалай билейді?»,»Мынау 30-40 келі шығар»,»Екіқабатты шаш үлгісін жасап алатын апайлар сияқты», «Мына көйлекпен төрдегі 4 орынды өзі алды ғой», «Әп-әдемі ақ көйлек. Мұндай мүмкіндік бір рет қана беріледі, арманыңдағы көйлекті неге кимеске? Бақытты болыңыз», «Өміріңіз көйлегіңіздей әдемі болсын», «Нағыз ханшайым болдыңыз», «Не деген ерекше көйлек, көздің жауын алып тұр», – деп жазған олар.  

Фото: tiktok.com/a_zhuniskhanqyzy

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!