Канада мен Дания билігі 1973 жылдан бері жалғасып келе жатқан Кеннеди бұғазындағы Ханс аралының территориясына қатысты дауды шешті. «Известия» басылымының мәліметінше, шағын арал Канаданың Нунавут пен Данияның құрамындағы автономды аумақ Гренландия өңірлері арасында өзара бөліске түсті. Ганстың аумақтық нақты координаттары туралы ресми түрде 14 маусымда жарияланатыны хабарланды.

Кішкентай Ганс аралына талас 1973 жылы Дания мен Канада теңіз шекарасы туралы келіссөздер жүргізу кезінде басталды. Салдарынан бұл мәселе созылып, шамамен жарты ғасыр уақытты алды. Аралдың ұзындығы – небәрі  1 290 метр, ені – 1 199 метр. Ауданы – 1,3 шаршы шақырым.

Сондай-ақ тараптар ешқашан аралға қатысты ұрысқан емес, керісінше бұл жағдайға осы күнге дейін әзілмен қарап келді.

Мысалы, 1984 жылы даниялықтар аралға өз әскерилерін жіберіп, Дания туын тіккізді, ал діңгектің астында «Дания аралына қош келдіңіздер!» деген жазу жазылған.

Бұған жауап ретінде канадалықтар да ол араға өз туын әкеліп тігіп, астына бір бөтелке канадалық вискиді қалдырып кеткен.