Жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Астрологиялық карта. Көрнекі фото: pixabay.com

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Ұйқыңыз бұзылып жүрсе, жатын бөлмедегі температураға назар аударыңыз: салқын бөлмеде ұйықтау жақсы, ұйықтар алдында бөлмені желдетуді ұмытпаңыз және тым қалың көрпе жамылып ұйықтамаңыз. Бүкіл отбасымен демалысқа баратын уақыт келді. Демалыс күндері кинотеатрға баруды жоспарлаңыз, жақындарыңызбен экскурсияға барыңыз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін өмірлік серігіңіз ретінде таңдаған адамыңызбен бірге болашаққа жоспарлар құруға таптырмас күн. Кәсіби фотосессияға жазылуды қарастырыңыз. Бұл сіздің келбетіңіздің артықшылықтарын көруге және ұзақ жылдарға естелік етіп қалдыруға көмектеседі.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Сізбен жанжалдасып қалған адамдарды ту сыртынан талқыламаңыз. Ақылды және парасатты болыңыз. Күннен қорғайтын сапалы көзілдірік пен компьютерлік көзілдірік сатып алыңыз: көзіңізді қорғау – өз денсаулығыңызға салынған баға жетпес инвестиция.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Балаға кінә артар алдында оның жасында өзіңіздің қандай болғаныңызды еске түсіріңіз. Бәлкім сіз де ата-анаңызға көп проблемаларды «тарту» еткен боларсыз?! Алға қойған мақсаттарға қол жеткізіңіз, бірақ асықпаңыз. Алдымен ағымдағы мәселелерді шешіңіз, қателерді түзетіңіз. Көмек күтпеңіз, тек өз күшіңізге сеніңіз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Күлкі өмірді ұзартады – көтеріңкі көңіл-күйде болуды, әзілдеуді ұмытпаңыз. Жоспарланған кездесулерді қайта-қайта бұзатын және хабарламаларыңызға қысқа жауап қайтаратын достарды ой елегінен өткізіңіз. Олар сізді бүгінде еш бағаламаса, байланысты тоқтатқан абзал.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Егер сүйіктіңіз бар болса, онда ұрыс-керістің туындауын күтпей-ақ, жиналып қалған өкпе-ренішіңізді сабырмен, ашу-ызасыз жеткізіңіз. Бүгін майда-шүйде мәселелерде сабырлық пен даналық танытуыңыз оларды тез әрі жеңіл шешуге мүмкіндік береді.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Барлығын жүрекке жақын қабылдамаңыз. Қиындықтардың орын алуы – қалыпты жайт. Өзіңізді-өзіңіз жей бермеңіз, сонда кімді болса да оңай жеңе аласыз. Телефоныңызды артық ақпараттан тазартыңыз: қажет емес контактілерді, хабарламаларды, фотосуреттерді, скриншоттарды және қосымшаларды өшіріңіз. Бұдан ерекше ләззат алатыныңыз анық.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Серіктесіңізді жалғыз қалдырыңыз, оның жеке кеңістігі болғаны өте маңызды. Жаңа таныстардан бас тартпаңыз. Бүгін сіздің өміріңізде болашағыңызды өзгертетін адамдар пайда болады. Бұл күн тек қарым-қатынасқа ғана емес, міндеттемелерді орындауға да қолайлы.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Үйде бәріне үлгергіңіз келсе, FlyLady атты үй шаруасын дөңгелетуге бағытталған арнайы жүйені байқап көріңіз. Кешті жақындарыңызбен әңгіме-дүкен құруға, телешоулар мен шай ішуге арнаңыз. Әңгімелесу барысында маңызды дүниелерді талқылаудан аулақ болыңыз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Кейбір нәрселерді кейінге қалдырып, отбасыңызбен немесе басқа маңызды адамдарыңызбен фильм көруге уақыт бөлуге тамаша күн: уақытыңызды тамаша өткізесіз және өкінбейсіз. Жеке қатынастарда сенімсіздік пен күмән туындауы мүмкін. Ашық сөйлесіп, бір-біріңізді тыныштандыру арқылы оны бірге шешіңіз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Ұзақ уақыт көрмеген достарыңызға қоңырау шалыңыз: сіз әрдайым олардың есіндесіз және олар сізді сағынып жүр. Серіктеспен жағымсыз әңгіме туындаса, барынша шынайы болуға тырысыңыз. Әдепті болыңыз және өз сезімдеріңізді айта бермей, жақыныңызға қамқорлық танытыңыз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Өз сезімдеріңізді сараптауды үйреніңіз: сізді шын мәнінде не мазалап жүргенін түсінуге тырысыңыз, бұл өзіңізді жақсы сезінуге септік болады. Алғашқы көмек көрсету курсына жазылыңыз: алған біліміңізді іс жүзінде қолдану мүмкіндігіңіз үлкен емес, бірақ білімнің болғаны жақсы.

Ақпарат дереккөзі:kaz.nur.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!