Тоқты
Жеке өміріңізге қатысты әлдебір мәселені шешуге тура келеді. Сейсенбі күнгі іссапар сәтті болмақ. Жинап жүрген ақшаңызды жаратпаңыз. Жұмада ешкімге сыр ашпаңыз. Демалыс күндері үй шаруаларымен айналысыңыз.

Торпақ
Жұмысыңыз азаяды. Бұл онша жақсы емес, себебі ақшадан таршылық көре бастайсыз. Сәрсенбіден бастап бәрі реттеледі. Балаларды бір сәтке назардан тыс қалдырмаңыз.

Егiздер
Біраз бұрын қолға алған жобаңыз табыс әкеле бастайды. Бейсенбі күні кез-келген құжатқа қол қойып, келісім жасауға болады. Отбасында біраз түсінбеушіліктер болуы мүмкін. Демалыста спортпен айналысқаныңыз жөн.

Шаян
Жақын адамыңыз үшін жиі уайымдайсыз. Оны жайына жіберіңіз, әркім өз тағдыры үшін өзі жауапты. Достармен басқосуды сейсенбіге белгілеңіз. Әзірге жаңа іс бастамағаныңыз дұрыс.

Арыстан
Өміріңізді өзгертемін деп қате қадам жасауыңыз мүмкін. Әсіресе, ақшаға келгенде ешкімге сенбеңіз. Дау-дамайдан қорықпаңыз. Тек солай ғана сіз өз дегеніңізге жетесіз.

Бикеш
Жұмыс іздегендердің де жолы болмақ. Демалыс күндері үйден шықпай, уақытыңызды өзіңіз ұнататын хоббиге арнаңыз. Денсаулыққа көңіл бөлуді ұмытпаңыз.

Таразы
Ештеңеге алаңдамай, мақсатқа ұмтылыңыз. Себебі, қаржылай қолдау тауып, сәттілікті серік етер күн жақын. Сейсенбі күнгі кездесу елеулі нәтиже береді. Отбасында бір қуаныш болмақ. Жеке өміріңізде мамыражай күндер орнайды.
Сарышаян
Жеке өміріңізде де, жұмыста да бір орында тұрып қалғаныңызды байқап, жаңа сатыға аяқ басуға ұмтыласыз. Сәрсенбі күні ұсақ қиындықтарға назар аудармаңыз. Бейсенбі күні барлық жоспарыңыз өзгеруі мүмкін.

Мерген
Барлық жағынан сәтті апта. Сіздің қызметіңізге сұраныс артып, беделіңіз де, табысыңыз да өсе түседі. Сейсенбі күнгі таныстық табысты серіктестікке ұласады.

Тауешкi
Соңғы кездері өзгеден бұрын өзіңізді көбірек ойлайтын болып жүрсіз. Бұл балаларыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін. Қызметте өсу мүмкіндігі бар. Тек қаржылық жағдайыңыз әзірге жақсара қоймайды, ақшадан тарығу қаупі бар.

Суқұйғыш
Апта бойы өзіңізге қатысы жоқ шаруаларға араласпағаныңыз дұрыс. Уақытыңыздың басым бөлігін жеке тұлғалық дамуға арнаңыз. Бұл сіз үшін жаңа мүмкіндік болмақ.

Балық
Бұл аптада асықпаңыз, сонда көп нәрсе тындырасыз. Сәрсенбіде әрі қалағаныңызды сатып аласыз, әрі жақсы демалуға мүмкіндік бар. Жақындарыңыздың қуанышын бөлісіңіз.