Тоқты
Ешқашан асығыстық жасамаңыз. Алайда шұғыл шешімді қажет ететін жағдайда жылдам әрекетке кірісіңіз. Бұл сіздің қолыңыздан келеді. Өміріңізде болып жатқан жағдайды қабылдай біліңіз. Қиын сәттердің өзінде озбырлық пен ашуға бой алдырмаған жөн. Тік мінезіңізді шетке ысырып, кейде икемділік, кейбірінде қулық танытуға тура келеді.

Торпақ
Алға қойған мақсатты қолға алатын уақыт келді. Аптадағы әрбір әрекетіңіз өнімді болады. Ойға алған жоспарыңыз іске аспай, бір орында тұралап қалғандай көрінуі мүмкін. Алайда бұл туралы көп ойлап, уайымдамаңыз. Себебі бәрі аз уақыт ішінде реттеледі.

Егіз
Өмірді қайта бастауға құлшыныс арттып, өмір қызығын сезінесіз. Махаббатта жолыңыз болады. Діттеген мақсатқа жету үшін бұл апта таптырмас уақыт. Жолыңыз болып, көп нәрсеге оңай қол жеткізесіз. Сондықтан берілген мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

Шаян
Жаңа өзгеріс орын алғалы тұр. Барлығына да дайын болыңыз. Дегенмен сізде айтарлықтай қиындық болмайды. Бұл апта демалып, ем алуға таптырмас уақыт. Сондықтан кезекті еңбек демалысыңызды осы уақытқа жоспарласаңыз өкінбейсіз.

Арыстан
Көп ойланып, түрлі жоспар құрып, алғашқы қадам жасасаңыз, жұмыстың нәтижесін көре аласыз. Апта соңында қабылдаған шешімнің дұрыс-бұрыстығына көз жеткізесіз. Биікке жетуді де, төменге құлдырауды да бастан өткеруіңіз мүмкін. Апта соңында күтпеген ұсыныс түседі. Десе де жұлдыздар ауыр міндетті жауапкершілікке алмауға кеңес береді. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын ата-анаңызбен ақыл­дас­қан жөн.

Бикеш
Өміріңізде айтарлықтай өзгеріс болады. Өмірлік сері­гін іздегендер жанына жақын адамын табады. Жұмыста басшы­лық­тың жөнсіз шағымына мән бермеуге тырысып, діттеген мақса­тыңызға жетер жолда табандылық таныту керегін естен шығармаған жөн. Қаржы мәселесіне көңіл бөлген дұрыс.

Таразы
Кәсіп бастағысы келгендерге сәттілік серік болады. Алайда істі достарыңызбен бірге бастамаған жөн. Жаңа белестерді бағындыратын уақыт жетті. Өзіңізді өзге қырынан көрсетіңіз. Бұл апта жетістіктерге жететін кезең. Мұның бәрі бұған дейін қолға алған істің жемісі. Жеке өміріңізде маңызды кездесулер орын алады.

Сарышаян
Алдыңыздан көптеген сынақ шығуы мүмкін. Алайда бұл төзіміңізді тексеруге жақсы мүмкіндік. Егер сынақтан сүрінбей өтсеңіз, әрі қарай үлкен жетістікке жетесіз. Жұлдыздар асығыстық танытпауға және өзгелердің сізді басқаруына жол бермеуге кеңес береді. Егер әлдекімнің өзіңізге қысым жасағанын сезсеңіз, бірден бұл әрекеттің тамырына балта шабуға тырысыңыз.

Мерген
Үнемі қиын жағдайдан шығудың жолын іздейсіз. Сонымен бірге аптада көп нәрсеге қол жеткізе аласыз. Осы аптада жеке өміріңізге қатты әсер ететін жайт орын алуы мүмкін. Қаржы саласында сәттілік болады. Үлкен табысқа кеңелесіз.

Тауешкі
Апта жетістікке жетуге сәтті қолайлы. Сондай-ақ өміріңізде келеңсіздіктер болмайды. Жақсы жұмысқа орналасып, жаңа баспанаға көшу мүмкіндігі туады. Кәсіп бастау, маңызды келісімдер жасау немесе ауқымды іскерлік кездесу өткізу септігін тигізеді.

Суқұйғыш
Аптада жақсылық болғалы тұр. Сонымен бірге қызықты ұсыныс түседі. Мәселен, біліктілік арттыру курстары. Мұндай ұсыныстан бас тартпаған жөн. Осы уақытқа дейін жасаған жұмысыңыз өз жемісін береді. Сондықтан қорықпай, жаңа іспен шұғылдануға дайын жүріңіз.

Балық
Қиындықтан шығып, табысқа қол жеткізу үшін бағытыңыздан танбау керек. Жұлдыздар ақшаны ұқыпты ұстауға кеңес береді. Себебі қалтаңызға оңай түскен ақшаны сол күйінде желге ұшыруыңыз ғажап емес. Алайда бұл сараңдыққа жол беріп, қатты үнемдеу керек дегенді аңғартпайды. Керісінше, ақшаны өз рахатыңыз үшін дұрыс жұмсауды үйреніңіз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!