Тоқты

Белсенді болыңыз. Бұл аптада алға қойған мақсатқа жетуге жұлдыздар сеп­те­седі. Бойыңызда тың күш пайда болады. Ал егер жазғы демалысты тиімді пайда­ланғыңыз келсе, аздап босаңсып, еркінсуге рұқсат. Мұндай жағдайда бар уақытты жеке өмірге, отбасына арнаңыз.

Торпақ

Сіз үшін ең жайлы апта болғалы тұр. Түйсігіңізді көбірек тыңдаңыз. Ол сізге кімнің дос, кімнің дұшпан екенін айқын білдіреді. Қосымша табыс табу үшін барыңызды салыңыз. Кәсіби біліктілігіңізді арттыру жолында жұмыс жасаңыз. Алыс жерден қуанышты хабар жетуі мүмкін.

Егіздер

Жанын салып, асқан қызығушылықпен жұмыс істеуге әдеттенгендер үшін сәтті апта. Жетістік пен мол табысқа кенелу мүмкіндігі жоғары. Басталған істі соңына жеткізуге және ұзақ мерзімді жоспар құруға қолайлы. Көптеген жағымды та­ныс­тықтар мен қызықты шаралар күтіп тұр.

Шаян

Сәтсіздіктер кезеңі артта қалды. Қай істі қолға алсаңыз да, сәттілікпен қуантады. Бойыңызды шығармашылық энергиясы кернейді. Дәл осы сәтті тиімді пайдаланып, шығармашылықпен айна­лысыңыз. Жаңа нәрсені үйреніп, таным көкжиегіңізді кеңейтіп не жаңа қырыңызды ашуға талпыныңыз. Сүйіктіңіздің ерекше ықыласы мен қам­қорлығына бөленесіз.

Арыстан

Айналаңызда тыным мен тыныштық орнатыңыз. Себебі бұл аптада сізге жұмсалған қуаттың орнын толтыру қажет. Мүмкін болса, мойныңызға көп міндет алмаңыз. Біреумен ренжіссеңіз, татуласуға алғашқы қадамды өзіңіз жасаңыз.

Бикеш

Ойға алған шаруалар мен мақсаттарды жүзеге асыруға батыл кірісіңіз. Бұл жолда әріптестерден көмек сұрап, қол ұшын созғандарды кері итермеңіз. Өсек-аяңға мән бермеңіз, ол сізге жеткенге дейін мың құбылған болуы әбден мүмкін. Салдарынан қате қадам жасасаңыз, зардабы өзіңізге тиеді.

Таразы

Бірнеше істі мойынға қатар іліп ал­маңыз. Өзіңіз үшін ең маңыздысын анық­тап, сонымен ғана жұмыс істеңіз. Қыз­меттегі белсенділік – бұл мақтауға тұрар­лық, әрине. Әйткенмен, денсаулық маңызды. Сондықтан, шаруаларды аздап кідіртіп, денсаулығыңызға мән беріңіз. Жаңа жоспарлар құрамын деп, бұрынғы аяқсыз қалғандарды естен шығар­маңыз.

Сарышаян

Бұл аптада табиғат аясында сейіл құ­рып, сапарға шықсаңыз, сәттілікке кезі­гесіз. Шығыны да аз болады. Қосымша табыс түскелі тұр. Қолыңызға тисе, өзіңіз бен жақындарыңызды қуантуға жұм­саңыз. Бұл сізге позитив пен жағымды энергия береді, адамдармен қарым-қаты­насыңыздың жақса­руына септігін тигізеді.