АҚШ блогері Саманта Браун саяхаттауға арналған қызықты лайфхактарын бөлісті, – деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Саманта әлеуметтік желіде жариялаған видеосында бір аяқ киімді сейфте қалдыруға кеңес береді.

«Мен қонақүйде әрқашан сейфті қолданамын. Онда төлқұжат, қолма-қол ақша және ноутбук сақтаймын. Ең бастысы – бір аяқ киімді қалдыруды ұмытпаңыз. Маған сеніңіз, сіз барлық несие карталары мен қолма – қол ақшаны, төлқұжат пен ноутбукты ұмыта аласыз, бірақ сіз ешқашан аяқ киіміңізді қалдырмайсыз», – дейді блогер.